"Тобылдың" 26 жастағы Қазақстандық вингері Ислам Чесноков Самараның "Крылья Советов" клубына ауыспақ, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл трансфер алдымен жалға алу негізінде жүзеге асып, кейін футболшыны міндетті түрде сатып алу шартымен бекітіледі.
Иван Карповтың мәліметінше, Қазақстан құрамасының ойыншысы 18 тамыз, сейсенбі күні таңертең Мәскеуде медициналық тексерістен өтеді. Осыдан кейін ол Самараға барып, кешкі жаттығуға қатысады және Булатовтың командасымен ресми түрде келісімшартқа қол қояды.
Трансфердің қаржылық шарттары төмендегідей:
– Ойыншыны міндетті түрде сатып алу сомасы — 250 мың еуро.
– Футболшының айлық жалақысы — 2,8 миллион рубль.
– Жаңа клубтағы нөмірі — 17.
Ислам Чесноков 19 тамыз күні өтетін Ресей Кубогының "Зенитке" қарсы үй матчында команда тізіміне енеді деп күтілуде.
Біздің серіктес: FONBET