Жарнама
Жарнама

Исмұратов түрмеге жабылды – Клуб директорының түнгі құпия қоңырауларының артында не тұр?

17.06.2026, 13:59

“Елімай” - “Ордабасы” матчынан кейін барлығын балағаттап, қоқан-лоқы көрсеткен бас төреші Арман Исмұратов сот үкімімен темір торға тоғытылды. Осы оқиғамен қатар, ойын алдында “Елімай” басшылығының төрешіге түн жарымында жасырын телефон шалғаны әшкере болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Offside.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, дәл осы даулы кездесудің қарсаңында “Елімай” клубының директоры Федор Семениди бас төреші Арман Исмұратовқа Whatsapp арқылы бірнеше рет хабарласуға тырысқан. Төрешінің өз қолымен ұсынған дәлелдеріне сүйенсек, қоңыраулар түнге қарай мына уақыттарда түскен: 21:58, 22:01, 22:22.

Төрешінің айтуынша, бұл нөмір оның телефонында сақталмаған болғандықтан, ол тұтқаны мүлдем көтермеген. Жарыс алдында клуб директорының төрешіге не үшін асыға қоңырау шалғаны әзірге құпия болып қалуда.

Матч аяқталған соң “Елімайдың” бас бапкері Андрей Карпович төреші тарапынан сұмдық қоқан-лоқы мен былапыт сөздер айтылғанын мәлімдеген еді. Стадионның трибуна астындағы бейнебақылау камераларына жазылып қалған таспалар бұл масқаралықты толықтай растайды.

Төреші Исмұратовтың ашуға булығып, стадион дәлізінде клуб өкілдеріне тікелей қарап: “Алдыдаәлі жарты маусым бар. Көздеріңе көк шыбын үймелетемін, мен сендерді аяусыз құртатынболамын (Еб*ть буду)!” — деп айқайлап, сес көрсеткені таспада анық естіледі.

Алаңда нағыз бассыздық орнатып, заңды белшесінен басқан төрешінің бұл әрекеті жазасыз қалмады. Қоғам қайраткері Серік Байғалиевтің хабарлауынша, Семей қаласының әкімшілік соты Исмұратовтың үстінен қозғалған істі жедел түрде қарап, үкім кесті.

Әдепсіз мінез-құлық көрсетіп, балағат сөздер айтқаны және қоқан-лоқы жасағаны үшін Арман Исмұратов 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров