Жарнама
Жарнама

Миллиондық келісімшартқа қол қойылды – ҚФФ әлемге әйгілі брендтпен серіктестік орнатты

17.06.2026, 15:22

Қазақстан футбол федерациясы мен халықаралық деңгейдегі ең танымал брендтердің бірі — Carlsberg Central Asia компаниясы ресми түрде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бұл серіктестік еліміздегі футбол мәдениетін мүлдем жаңа деңгейге көтеріп, стадиондардағы жанкүйерлердің қолдауын бұрын-соңды болмаған сұрапыл серпінмен жандандырмақ.

Ел футболының болашағын айқындайтын бұл маңызды келісімшартты бекіту рәсіміне екі тараптың да жоғары лауазымды өкілдері қатысты. ҚФФ тарапынан Қазақстан футбол федерациясының Басқарушы директоры Бекжан Сафинов, компания тарапынан Carlsberg Central Asia вице-президенті Екатерина Потокина.

Қос тарап бірігіп, еліміздегі футболды танымал ету, Ұлттық құрама мен жанкүйерлер арасындағы байланысты барынша нығайту үшін барлық күш-жігерді біріктіруге уағдаласты.

Бұл тек қағаз бетіндегі құрғақ уәде емес. Серіктестік аясында жанкүйерлер үшін кең көлемді әрі қызықты бағдарламалар легі дайындалуда. Алдағы уақытта стадиондар мен цифрлық кеңістікте нағыз жарылыс болады.

Ендігі кезекте ірі ATL, PR, Digital және BTL акциялары іске қосылады. Бұл дегеніміз — әлеуметтік желілердегі қызықты байқаулар, стадиондардағы интерактивті ойындар, жанкүйерлерге арналған ерекше сыйлықтар мен Ұлттық құрама футболшыларымен тікелей кездесу мүмкіндіктері артпақ. Басты мақсат — салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қазақ футболының айналасында үлкен отбасылық атмосфера қалыптастыру.

Бұл компанияның футбол әлеміне келуі кездейсоқтық емес. “Carlsberg Group” халықаралық аренада спортты қолдау бойынша өзіндік терең тарихы бар алып ұйым саналады:

Компанияның еуропалық футболмен достығы сонау 1988 жылдан басталған. Төрт онжылдыққа жуық уақыт ішінде бұл бренд әлемдегі ең ірі футбол турнирлері мен Еуропа чемпионаттарының ажырамас бөлігіне айналып үлгерді. Енді дәл осы әлемдік озық тәжірибе Қазақстан футболының беделін өсіруге қызмет ететін болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров