Жарнама
Жарнама

Испания соты Лионель Мессидің қорына қатысты қылмыстық іс қозғады

04.12.2019, 20:29
Жарнама
Жарнама

Испаниялық сот орындаушы Мария Тардон "Барселона" сұрмергені, кеше алтыншы рет "Алтын доп" жүлдесін алған Лео Мессидің қайырымдылық қорының үстінен қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Abc.

Аталған ақпарат көзіне сенсек, 2012-2015 жылдары қайырымдылық қорында жұмыс істеген Федерико Реттори есімді куәгерден жауап алынған. Оның айтуынша, футболшы мен оның әкесі мен бауыры алаяқтық жасап ақша жымқырған, салық төлеуден жалтарған.

Сонымен қатар, арыз иесі қайырымдылыққа деп бөлінген ақшаның тиісті масақсатта емес, басқа жеке жұмыстарға жұмсалып кеткен дейді. Сондай-ақ, Месси салықтан жалтару үшін шетелдік демеушілермен келісім-шарт жасасқан мыс. Фредерико осы арқылы қор 10 млн. еуро пайда тапқанын да айта кетіпті.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров