Жарнама
Жарнама

“Қайрат” – “Андерлехт” : Британдық БАҚ Алматыдағы ойынға болжам жасады

Бүгін, 11:15

Британдық Sports Mole сайты Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің аясында өтетін "Қайрат" пен "Андерлехт" арасындағы алғашқы кездесуге қатысты өз болжамын жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Командалардың дайындығы

Бельгиялық "Андерлехт" бұл кезеңге дейінгі іріктеу ойындарында жеңіліс таппай келді. Команда сапында Даниил Сикан, Михайло Цветкович және Тристан Дегреф гол соғып, ерекше көзге түсті. Ал "Қайратқа” келер болсақ, Aлматылық клуб соңғы бес Eурокубоктық ойында бар болғаны жеті гол соққан. Сонымен қатар, "Левскиге" қарсы өткен екі матчта да қақпаны дәл көздей алмады.

Ойыннан не күтуге болады?

Сарапшылардың пікірінше, Алматыда өтетін кездесу өте тартысты, бірақ аз гол соғылатын матч болмақ. "Андерлехттің” шабуыл шебі қуаттырақ болғанына қарамастан, "Қайрат” өз алаңында минималды есеппен жеңіске жетуі мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров