Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасынан шығып қалған жағдайда Еуропа лигасының плей-офф іріктеу кезеңінде кіммен кездесуі мүмкін екенін білді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Егер Қазақстандық клуб үшінші іріктеу кезеңінде Болгариялық "Левски" командасынан өте алмаса, олар жарысты Еуропа лигасында жалғастырады. Бұл жағдайда "Қайрат" Грекиялық "ПАОК" пен Бельгиялық "Андерлехт” жұбының жеңімпазымен кездесетін болады.
Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы ойын 4 тамызда Софияда (Болгария) өтеді. Қарымта кездесу 11 тамызға жоспарланған.
"Қайраттың” өз алаңындағы кездесуі Алматының "Орталық” стадионында емес, Түркістанда өтеді. Бұған сол уақытта Алматыда Америкалық рэпер Канье Уэстің концерті жоспарланғаны себеп болып отыр.
Біздің серіктес: FONBET