2026 жылғы футбол маусымының 20-туры жанкүйерлер үшін қызықты оқиғалар мен турнирлік кестедегі маңызды өзгерістермен есте қалды. Бұл турдың басты жаңалығы — чемпиондық бәйгедегі көшбасшының тағы да ауысуы болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Турдың орталық матчы ретінде "Ордабасы” мен "Тобыл” арасындағы кездесуді айтуға болады. Шымкенттік клуб өз алаңында Қостанайлықтарды 2:0 есебімен сенімді жеңіп, турнирлік кестедегі бірінші орынын қайтарып алды. Осы жеңістен кейін "Ордабасы” 46 ұпаймен көш бастап тұр.
Алматылық "Қайратты", (кестеде 20 ойыннан кейін 45 ұпайы бар) "Ордабасының" жеңісі екінші сатыға сырғытты. Соған қарамастан, "Қайрат” шабуылшысы Жоржиньо 8 голмен сұрмергендер тізімінде көш бастап келеді, ал қақпашы Темірлан Анарбеков 9 құрғақ матчпен үздік нәтиже көрсетуде.
"Астана" сырт алаңда "Ұлытауды” 2:0 есебімен қапы қалдырып, 35 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр. Айта кетерлігі, елордалықтардың кем бір ойыны бар екенін ескерсек, олардың әлі де жоғары орындарға таласуға мүмкіндігі зор.
"Оқжетпес” өз алаңында турнир кестесінің соңында келе жатқан "Алтайды" 4:1 есебімен тас-талқан етті. Бұл жеңіс Көкшетаулықтарға 33 ұпаймен 4-ші орынды нығайтуға мүмкіндік берді. Команда капитаны Владислав Васильев 6 нәтижелі паспен лиганың үздік ассистенті атанып отыр.
Турдың басты сенсацияларының бірі Петропавлда тіркелді. "Қызылжар" өз алаңында фавориттердің бірі "Ақтөбені" 3:1 есебімен жеңіп кетті. Бұл жеңіліс Ақтөбеліктердің алғашқы үштікке жақындау жоспарына кедергі келтіріп, 31 ұпаймен 5-орында қалдырды.
Төменгі топтағы командалар арасындағы "Ертіс” пен "Каспий" матчы өте тартысты өтіп, 3:2 есебімен Павлодарлықтардың пайдасына аяқталды. Бұл — "Ертістің" маусымдағы үшінші жеңісі, бірақ команда әлі де қауіпті аймақта (15-орын) қалып отыр.
Басқа нәтижелерге тоқталсақ:
"Жеңіс" – "Елімай" (0:0): Қорғанысқа негізделген ойында қос команда ұпай бөлісті. "Елімай” сапындағы Роман Мұртазаев 8 голмен сұрмергендер арасында көшбасшылардың бірі болып тұр.
"Атырау" – "Жетісу" (1:1): Екі ұжым да кестенің төменгі бөлігінен ұзауға тырысқанымен, жеңімпаз анықталмады.
Статистикалық мәліметтер:
2026 жылғы маусым өткен жылмен салыстырғанда көрермен қызығушылығының артқанын көрсетеді. Жалпы көрермен саны 33.2%-ға өсіп, орташа есеппен әр матчқа 6101 адам келеді. Сонымен қатар, лигадағы нәтижелілік көрсеткіші бір матчқа шаққанда 2.38 голды құрайды. Тәртіп бойынша да ілгерілеушілік бар: қызыл қағаздар саны 20.3%-ға азайған.
Қорыта айтқанда, 20-турдан кейін чемпиондық жарыс жаңа қарқын алды. "Ордабасы” мен "Қайрат” арасындағы бір ұпайлық айырмашылық алдағы турлардың бұдан да қызықты болатынын аңғартады.
Біздің серіктес: FONBET