Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Алматылық "Қайрат" Болгарияның "Левски" клубымен кездеседі. Алайда, бұл тек спорттық жаңалық қана емес, сонымен қатар шоу-бизнес пен футболдың күтпеген жерден түйісуіне айналды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Екі команда арасындағы алғашқы матч 4 тамызда Болгарияда өтеді. Ал қарымта кездесу 11 тамызға жоспарланған. Бастапқыда бұл ойын Алматыда өтуі тиіс болса да, кездесу ресми түрде Түркістанға ауыстырылды. Бұған сол күндері Алматыда өтетін әлемге әйгілі рэпер Канье Уэсттің концерті себеп болды.
Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде, әсіресе X платформасында қызу талқылануда. Болгариялық спорт журналистері Канье Уэсттің футбол матчына кедергі келтіруін күлкімен қарсы алып, Eurasia Football жаңалығын "IJBOL" (қатты күлу деген мағынадағы слэнга) деген жазбамен бөліскен.
"Левски” клубы Қазақстандық жанкүйерлер үшін бейтаныс емес. Бұл — "Астананың” бұрынғы жаттықтырушысы Станимир Стоиловтың туған клубы. Стоилов футболшы ретінде де, жаттықтырушы ретінде де дәл осы "Левскиде” танымал болған. Тіпті, оның бұл клубтағы өткізген матчтар саны "Астанадағы" көрсеткішінен де көп екенін айта кеткен жөн.
Осылайша, "Қайрат" Еуропа төріне шығу жолындағы маңызды ойынын өз жанкүйерлерінің алдында емес, Канье Уэсттің гастрольдік сапарына байланысты киелі Түркістан қаласында өткізуге мәжбүр.
Біздің серіктес: FONBET