Жарнама
Жарнама

Темірлан Анарбековтің алтын қолғаптары : Түрік агенті Қазақстандық қақпашыға таңдай қақты

Бүгін, 16:59

"Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында "Омонияға" қарсы өткен қарымта матчта футбол мамандарының назарын аударды. Түркиялық футбол агенті Али Эмре жас таланттың шеберлігіне жоғары баға беріп, оның болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Али Эмренің айтуынша, егер Анарбеков бүгінде Түріктің алпауыт клубы "Фенербахчеде" ойнаса, команданың қақпашы мәселесі ұзақ жылдарға шешілер еді. Агент Қазақстандық голкиперді Муслера мен Вевертон сынды ойын тағдырын шешетін деңгейдегі шеберлермен теңестірді. "Біз дәл осындай қақпашы іздеп жүрміз!” — деп ағынан жарылды Түрік маманы.

Агенттің пікірінше, Темірланға үлкен командаға ауысу үшін тағы бір нық қадам жасау жеткілікті. Сонымен қатар, Али Эмре футбол әлеміндегі азаматтыққа қатысты стереотиптерді де атап өтті. Оның ойынша, егер Темірлан Қазақстандық емес, Бразилиялық болғанда, ол қазірдің өзінде әлемнің ең үздік элиталық клубтарының бірінде өнер көрсетіп жүрер еді.

Бұл пікірлер Темірлан Анарбековтің халықаралық деңгейдегі әлеуетінің жоғары екенін және қазақ футболында жаңа жұлдыздың жарқырап келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров