«Астана» мини-футбол клубы 2026/2027 маусымындағы футзалдан Қазақстан Кубогының алдын ала кезеңінің екінші және үшінші турларындағы матчтарға қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл шешім туралы Қазақстан футбол федерациясы ресми түрде хабарлады.
ҚФФ мәліметінше, клуб федерацияға турнирдің алдын ала кезеңінде өнер көрсетуді жалғастыру мүмкін еместігі туралы хабарлама жіберген. Оның басты себебі — клубтың қазіргі қаржылық жағдайы. Федерация таратқан хабарламада аталған матчтарға қатысу үшін қажетті шығындарды өтеуге мүмкіндік жоқ екені айтылған.
Осы қиындықтарға қарамастан, «Астана» өз қызметін толық тоқтатпайды. Клуб басшылығы 2026/2027 маусымындағы футзалдан Қазақстан Суперлигасына қатысуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Қазіргі уақытта команданың қаржылық жағдайын тұрақтандыру және туындаған мәселелерді реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Клуб өкілдері жақын арада бұл түйткілдерді шешіп, Суперлигаға толыққанды қатысуды қамтамасыз етуге үмітті.
Кубоктың екінші және үшінші турларына қатысудан бас тартудың құқықтық салдары мен өтпеген матчтардың тағдырын ҚФФ-ның Бақылау-тәртіптік және этикалық комитеті шешетін болады.
Біздің серіктес: FONBET