Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипінің төртінші турында «Бёрнли» мен «Мидлсбро» арасындағы кездесуде матчтың үздік ойыншысы марапатын иеленді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Сәтпаев осымен үшінші матч қатарынан ойынды негізгі құрамда бастады. 80-минутта Қазақстандық футболшы алмастырылған кезде, стадиондағы жанкүйерлер оған үлкен қошемет көрсетті.
Ұйымдастырушылар Дастанды ресми түрде матчтың үздік ойыншысы деп таныды. Айта кетерлігі, ол әзірге гол соғып немесе нәтижелі пас беріп үлгермеген, бірақ оның алаңдағы ойыны жоғары бағалануда.
Бұл Дастанның «Бёрнли» сапындағы төртінші ойыны болды. Қазіргі таңда команда төрт турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде 23-орында тұр.
«Бёрнли» мен Сәтпаевтың келесі ойыны 5 қыркүйекте «Бристоль Ситиге» қарсы өтеді.
Біздің серіктес: FONBET