«Ақтөбе» футбол клубы «Ливерпульдің» бұрынғы бапкері Томас Гроннемаркке көрсеткен қызметі үшін тиісті ақыны төлемеген, деп хабарлайды Aladop.kz.
Клуб пен маман арасында кепілдік хат жасалғанына қарамастан, Қазақстандық команда өз міндеттемелерін орындаудан бас тартып отыр.
ASnews.kz сайтының мәліметінше, Дат маманы ақпан айында Түркияда өткен оқу-жаттығу жиындары кезінде «Ақтөбеге» бапкерлік қызмет көрсеткен. Клуб өкілдері арнайы хат арқылы қарызды 2026 жылдың 15 тамызына дейін төлеуге кепілдік берген. Алайда, белгіленген мерзім өтсе де, «Ақтөбе» төлем жасамаған және қазіргі уақытта байланысқа шығуды тоқтатқан. Сөз болып отырған берешек сомасы 5 мың долларды құрайды.
Томас Гроннемарк — допты ойынға қосу бойынша маманданған әлемге әйгілі бапкер. Ол бұған дейін «Ливерпуль» және «Арсенал» сияқты Ағылшын грандтарында жұмыс істеп, үлкен танымалдылыққа ие болған. Қысқы маусымда ол «Ақтөбенің» жаттығу процесін ұйымдастыруға бір аптадан астам уақытын жұмсаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET