Жарнама
Жарнама

Қазақстан FIFA-дан 10 миллион доллар көлемінде қаржы алуы мүмкін

Бүгін, 15:35

Қазақстан футбол федерациясы FIFA резервінен қосымша қаржы алуға үміткер. Ұйым президенті Джанни Инфантино FIFA-ға мүше барлық 211 ұлттық қауымдастыққа қосымша қаражат бөлу мүмкіндігін қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

BBC мәліметінше, FIFA президенті Джанни Инфантино ұйымның қаржылық резервінен қосымша қаражат бөлуге дайын екенін білдірген. Қазіргі таңда FIFA резервінде шамамен 4,4 миллиард фунт стерлинг немесе 5,13 миллиард еуро бар.

Инфантино бұл туралы алты құрлықтық конфедерацияға жолдаған хатында айтқан. Ол FIFA-ның қаржылық мүмкіндіктері аясында жауапкершілікпен бөлуге болатын қосымша қаражаттың барынша жоғары көлемін қолдайтынын жеткізген. 

Қосымша қаржы бөлу туралы ұсынысқа Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) мен Солтүстік, Орталық Америка және Кариб бассейні футбол конфедерациясы (CONCACAF) бастамашы болған. Олар FIFA резервінен ұйым құрамындағы барлық 211 ұлттық қауымдастыққа 10 миллион доллардан бөлуді ұсынған. 

Осыған байланысты Қазақстан да FIFA-ның 211 мүшесінің бірі ретінде аталған қаржылық қолдауға үміткер. Алдын ала есеп бойынша, Қазақстанға бөлінуі мүмкін сома шамамен 10 миллион долларды құрауы ықтимал.

Бұл ұсыныс FIFA Кеңесінің 15 қазандағы отырысында қаралады. Қаражаттың нақты бөлінуі мен оның көлемі сол талқылаудан кейін белгілі болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров