Фарер аралдары құрамасының шабуылшысы Петур Кнудсен мансабын Қазақстан Премьер лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
ASnews.kz мәліметінше 28 жастағы футболшыға ҚПЛ турнирлік кестесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан бірнеше клуб қызығушылық танытып отыр.
Қазіргі уақытта Кнудсен Фарер аралдарының «НСИ Рунавик» клубында өнер көрсетеді. Ақпаратқа сәйкес, Қазақстандық клубтардың атауы әзірге белгісіз. Сондықтан шабуылшының нақты қай командаға ауысуы мүмкін екені беймәлім.
Петур Кнудсен Қазақстан жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол Ұлттық құрамамыздың қақпасына екі рет гол соққан. Шабуылшының алғашқы нәтижелі соққысы 2025 жылғы Қазақстан мен Фарер аралдары арасындағы кездесуде тіркелсе, жуырда Астанада өткен матчта да мергендік танытты. Бұл ойын 2:2 есебімен аяқталды.
Кнудсеннің қазіргі маусымдағы көрсеткіші де назар аударуға тұрарлық. Ол «НСИ Рунавик» сапында барлық турнирде 30 матч өткізіп, 17 гол соққан және жеті нәтижелі пас берген. Футболшының трансферлік құны шамамен 275 мың еуро.
Егер келіссөздер нақты кезеңге жетіп, трансфер жүзеге асса, ҚПЛ клубтарының бірі Фарер аралдары құрамасының тәжірибелі шабуылшысымен құрамын күшейтуі мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET