Жарнама
Жарнама

ҚПЛ-дің үздік ассистенттерінің бірі «Шахтерға» ауысуы мүмкін

Бүгін, 16:36

Қарағандының «Шахтеры» «Оқжетпес» жартылай қорғаушысы Владислав Васильевті қатарға қосуға жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Мәліметтер бойынша, Қарағандылық клуб өз түлегін командаға қайтару жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Тараптар келіссөздің ілгері кезеңіне жеткенімен, соңғы шешім футболшының өзіне байланысты. 

Васильев биылғы маусымда «Оқжетпес» сапында тұрақты ойын көрсетіп, команданың шабуылдағы негізгі ойыншыларының біріне айналды. Қазақстан Премьер лигасында 26 матч өткізген жартылай қорғаушы екі гол соғып, сегіз нәтижелі пас берген. Осы көрсеткішінің арқасында ол чемпионаттың үздік ассистенттері қатарына еніп отыр.

Владислав Васильев «Оқжетпеске» осы жылы қосылған. Оның нәтижелі ойыны Қазақстан құрамасына қайта шақырылуына да мүмкіндік беруі мүмкін. Сондықтан футболшының ықтимал кетуі Көкшетаулық клуб үшін келесі маусым алдындағы елеулі жоғалту болмақ. 

Васильев мансабында Қазақстанның бірнеше клубында өнер көрсетті. Ол Павлодардың «Ертісінде», «Ордабасыда», «Тобылда», сондай-ақ «Шахтер-Булатта» ойнаған. Бұдан бөлек, Беларусь чемпионатында «Динамо-Брест», «Минск», минскілік «Динамо», «Энергетик-БГУ» және «Рух» командаларының намысын қорғады. 

Айта кетейік, «Шахтер» биыл Бірінші лигада өнер көрсетіп, 2027 жылғы маусымда Қазақстан Премьер лигасына оралуға жолдама алды. Чемпиондар элитаға қайта оралу қарсаңында құрамды күшейту жұмыстарын бастап кеткен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров