Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA рейтингінің жаңартылған тізіміндегі орнын тағы жоғалтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Фарер аралдарымен өз алаңында тең түскеннен кейін Джон ван ’т Схип шәкірттері рейтингте бір саты төмендеді.
6 қазанда Астанада өткен Қазақстан – Фарер аралдары матчындағы 2:2 есебі ұлттық құрамаға 0,39 ұпай жоғалтқан. Нәтижесінде Қазақстанның еншісінде 1166,26 ұпай қалды. Осы мүмкіндікті пайдаланған Индонезия құрамасы Қазақстандықтарды басып озып, 116-орынға көтерілді. Қазақстан әзірге 117-сатыға түсті.
Ал Орталық Азиядағы басты қарсыластардың бірі — Өзбекстан құрамасы FIFA рейтингінде 59-орында тұр. Өзбекстандықтар 6 қазанда Оңтүстік Кореяға сырт алаңда 0:2 есебімен есе жібергеніне қарамастан, өз позициясын сақтап қалды. Бұл жеңілістен кейін олардың қоржынындағы ұпай 3,70-ке азайып, жалпы көрсеткіші 1416,61 ұпай болды.
Осылайша, Өзбекстан Орталық Азиядағы ең жоғары рейтингке ие ұлттық құрама мәртебесін сақтап отыр. Аймақтағы басқа командалардан Тәжікстан 101-орында, Қырғызстан 104-сатыда орналасқан. Қазақстан бұл тізімде олардан кейін тұр.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының төрт турында екі ұпай ғана жинады. Команда екі рет тең түсіп, екі рет жеңіліске ұшырады. Енді құраманы қараша айында Молдова және Словакияға қарсы кездесулер күтіп тұр.
Айта кетейік, бұл көрсеткіштер FIFA рейтингінің аралық live-нұсқасына қатысты. Ресми рейтинг жарияланған кезде командалардың қорытынды орны өзгеруі мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET