Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Норвегияның Бразилияны ұтатынын қалай білді?

Бүгін, 13:59

Ұлттық құраманың бұрынғы жаттықтырушысы Станислав Черчесов 2026 жылғы Әлем чемпионатында Норвегияның ширек финалға шығуына таңғалмады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қазіргі таңда "Ахматты” жаттықтырып жүрген Станислав Черчесов Норвегия құрамасының ширек финалға шығуын заңдылық деп санайды. Маманның айтуынша, турнир барысында командалар біртіндеп өз ырғағын таба бастайды.

Черчесов Норвегиялықтардың мүмкіндігін жоғары бағалап, олардың Бразилия құрамасын жеңетінін бірнеше күн бұрын болжаған. Ол бұл команданың әлеуетін жақсы біледі, өйткені бірнеше жыл бұрын Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып тұрғанда Норвегиямен кездескен болатын. Оның пікірінше, Норвегия құрамасы нәтижеге нақты бағытталған кезде өте қауіпті.

Алдағы 1/4 финалдық кезеңде Норвегия Англия құрамасымен кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров