Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сатпаев Лондондық “Челси” сапындағы алғашқы жаттығуын өткізіп, футбол сарапшыларының назарына ілікті, деп хабарлайды Aladop.kz.
TrifectaSport басылымының хабарлауынша, Қазақстандық футболшы өзінің жасына қарамастан, керемет психологиясымен, жоғары талантымен және іске деген кәсіби көзқарасымен** ерекшеленген.
Сарапшылар Сатпаевтың ойын стилі мен мінезі Ағылшын клубының қазіргі стратегиясына толық сәйкес келетінін айтады. “Челси” соңғы жылдары әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды жастарды жинап, олардың әлеуетін ашуға басымдық беріп келеді. Осыған байланысты, TrifectaSport басылымы Сатпаевтың “Челси” жүйесінде кәсіби тұрғыдан өсуіне және үлкен табыстарға жетуіне мүмкіндігі жоғары деп есептейді.
Дастан Сатпаевтың Лондондағы жетістіктерімен қатар, Қазақстандық клубтар еурокубок айдынында да белсенділік танытуда.
Біздің серіктес: FONBET