Жарнама
Жарнама

Испания 2:1 Бельгия - Статистика не дейді?

Бүгін, 11:28

2026 жылғы Әлем чемпионатының 1/4 финалда Испания Бельгияны 2:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Сандар сөйлесін: 

— Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Микель Мерино әлем чемпионаты тарихындағы бірнеше жаңа рекордтың авторы атанды.

Ол әлем чемпионатында қосалқы құрамнан шығып, плей-офф кезеңінің екі түрлі матчында жеңіс голын соққан алғашқы футболшы болды. Сонымен қатар, Мерино дүниежүзілік чемпионат тарихында 80-минуттан кейін екі рет жеңіс голын соққан алғашқы Испаниялық ойыншы атанды. Бұдан бөлек, ол алаңға шыққаннан кейін небәрі 115 секундтан соң гол соғып, Испания құрамасының қосалқы құрамнан шыққан ойыншылар арасындағы әлем чемпионатындағы ең жылдам гол рекордын жаңартты. Осылайша, Мерино 1982 жылғы 20 маусымда Югославияға қарсы матчта алаңға шыққаннан кейін 159 секундта гол соққан Энрике Саураның рекордын басып озды.

— Родри 2026 жылғы әлем чемпионатында шабуылдың соңғы үштен бір бөлігінде қарсылас қорғанысын жарып өткен 62 нәтижелі пас орындады. Бұл көрсеткіш 2014 жылғы әлем чемпионатында Тони Кроос тіркеген рекордпен (62) теңесіп, бір әлем чемпионаты аясындағы ең жоғары нәтиже саналады.

— Ламин Ямал негізгі құрамда шыққан ірі турнирлердегі (әлем чемпионаты + Еуропа чемпионаты) барлық 11 матчта Испания құрамасы жеңіске жетті.

— Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте Еуропа құрамаларының тарихында жаңа рекорд орнатты.

Ол әлем және Еуропа чемпионаттарындағы алғашқы 13 матчында бірде-бір рет жеңілмеген алғашқы бапкер атанды. Оның еншісінде қазір 12 жеңіс пен 1 тең ойын бар. Бұл – Еуропа ұлттық құрамалары арасындағы тарихи көрсеткіш.

— Жеңілмейтін армада 2026 жылғы әлем чемпионатында тарихи жетістіктерін жалғастыруда.

Испания құрамасы қазір 36 матч қатарынан жеңілмей, өз тарихындағы ең ұзақ серияны тіркеді. Егер олар жартылай финалда Францияға қарсы матчта кем дегенде 120 минут бойы жеңілмесе, онда Италия құрамасының Еуропадағы рекорды – 37 матчтық жеңіліссіз сериясына теңеседі.

Сондай-ақ Испания әлем чемпионаты тарихында екінші рет жартылай финалға шықты. Бұған дейін олар мұндай жетістікке 2010 жылы қол жеткізіп, кейін әлем чемпионы атанған болатын.

Оған қоса, Испания 2026 жылғы әлем чемпионатында 11 гол соғып, бір әлем чемпионатындағы өздерінің ең үздік нәтижесін қайталады. Бұл рекорд алғаш рет 1986 жылғы мундиальда тіркелген еді.

Сонымен қатар, Испания 2002 жылдан бері алғаш рет бір әлем чемпионатында 10-нан көп гол соқты.

— 2026 жылғы әлем чемпионатында Испания құрамасы сапынан алты түрлі футболшы мергендер қатарына енді:

  • Микель Оярсабаль
  • Педро Порро
  • Ламин Ямаль
  • Алекс Баэна
  • Микель Мерино
  • Фабиан Руис

— Бельгия құрамасы Испанияның әлем чемпионаты тарихындағы рекордтық «құрғақ» сериясын тоқтатты.

Испания 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Жапониямен өткен матчтан бері 649 минут бойы өз қақпасына гол жібермеген еді. Алайда бұл серияны бельгиялық шабуылшы Шарль Де Кетеларе үзді.

Осы аралықта Испания құрамасы алты матч қатарынан қақпасына гол жібермей, әлем чемпионаты тарихындағы ең ұзақ «құрғақ» серияның авторы атанған болатын.

— Бельгия құрамасының шабуылшысы Шарль Де Кетеларе де бірнеше тарихи жетістікке қол жеткізді.

Ол плей-офф кезеңіндегі үшінші голын соғып, бұл көрсеткіш бойынша Бельгия құрамасының рекордшысы Ромелу Лукакумен теңесті.

Сондай-ақ Де Кетеларе 2022 жылғы топтық кезеңде Жапониялық Ао Танакадан кейін әлем чемпионатында Испания қақпасына гол соққан алғашқы футболшы атанды.

Бұдан бөлек, ол 2006 жылғы 27 маусымда Зинедин Зиданнан кейін әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Испанияға қарсы ойын барысынан (пенальтисіз) гол соққан алғашқы ойыншы болды.

Қызығы, Де Кетеларе 2026 жылғы әлем чемпионатында соққан 3 голы оның 2025/26 жылғы маусымда "Аталанта" сапында А сериясының 31 матчында соққан голдарының санымен дәлме-дәл сәйкес келеді.

— Франция құрамасы 1986 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалында бұрын әлем чемпионы атанған құрамамен кездескелі тұр.

1986 жылы Германиядан жеңілгеннен кейін Франция жартылай финалда мына құрамаларды жеңген еді:

  • 1998 жыл – Хорватия
  • 2006 жыл – Португалия
  • 2018 жыл – Бельгия
  • 2022 жыл – Марокко
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров