Жарнама
Жарнама

Әлем чемпионатының үздігі Қазақстан құрамасын тізгіндемек

Бүгін, 11:50

Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері болуы мүмкін үміткерлердің бірі анықталды. Ол — Марокко құрамасын тарихи жетістікке жетелеген маман Валид Реграги, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Валид Реграги — Морокколық және Франциялық футбол жаттықтырушысы, бұрынғы кәсіби футболшы. Оның есімі 2022 жылы Катарда өткен Әлем чемпионатынан кейін бүкіл әлемге жайылды. Реграгидің бастамасымен Морокконың "Атлас арыстандары” турнирдің басты сенсациясын жасап, әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан алғашқы Африкалық және Араб командасы ретінде тарихқа енген болатын. Оның қол астындағы команда Испания мен Португалия сияқты алпауыттарды тізе бүктірген.

– Туған күні мен жері: 1975 жылғы 23 қыркүйек (50 жаста), Корбей-Эсон, Франция.
– Ойыншы ретіндегі рөлі: Оң жақ қорғаушы позициясында өнер көрсеткен.
– Клубтық мансабы: Францияның "Тулуза", "Аяччо", "Гренобль" және Испанияның "Расинг Сантандер" клубтарында ойнаған.
– Ұлттық құрама: Марокко құрамасы сапында 45 матч өткізген.

Реграги тек ұлттық құрама деңгейінде емес, клубтық деңгейде де үлкен жетістіктерге жеткен.

– "ФУС Рабат” командасымен Марокко чемпионы атанды.
– "Аль-Духаиль" клубымен Катар лигасында жеңіске жетті.
– "Видад Касабланка" клубымен "КАФ Чемпиондар лигасын” ұтып алды.

2026 жылдың наурызында Реграги Марокко құрамасынан өз еркімен кетті. Бұл шешім Әлем чемпионаты басталар алдында қабылданды. Оған дейін ол команданы 2026 жылғы Африка ұлттары кубогының финалына дейін жеткізіп, шешуші кезеңде Сенегалдан жеңіліп қалған болатын. Бапкердің қызметтен кетуіне жиналып қалған шаршау, баспасөздің қысымы және оның қорғанысқа негізделген ойын стиліне айтылған сындар себеп болды. Оның орнына Мохамед Уаби тағайындалған болатын.

Инсайдтық ақпаратқа сәйкес, тәжірибелі маманның келесі аялдамасы Қазақстан құрамасы болуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров