Қазақстан құрамасының шабуыл шебіндегі кадрлық таңдау сынға ұшырады. Ұлттық құраманың бұрынғы футболшысы Әли Сүйімағамбетов негізгі шабуылшылардың жарақатына байланысты жасалған шешімдерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Сүйімағамбетовтің айтуынша, Дастан Сатпаев, Максим Самородов және Ислам Чесноковтың қатардан шығуы команда үшін үлкен мәселе туғызған. Маманды әсіресе олардың орнына Роман Мұртазаевтар емес, нақты жағдайда аталған ойыншылардың шақырылмағаны таңғалдырған.
«Мені, шынын айтқанда, құраманы кім жасақтағаны алаңдатады. Әсіресе негізгі шабуылшылардың бәрі — Сатпаев, Самородов, Чесноков — қатардан шыққанда, неге Мұртазаев пен Өміртаев шақырылмады?» — деді Сүйімағамбетов Sports.kz сайтына берген пікірінде.
Маман қазіргі құраманың ойын ұйымдастыру деңгейіне де алаңдаушылық білдірді. Оның пікірінше, Қазақстан құрамасы бұрын-соңды мұндай әлсіз ұйымдасқан күйде көрінбеген. Тіпті шабуылдағы мәселені шешу үшін қорғаушыларды алға шығаруды да ұсынды.
«Егер бізде қорғаушылар гол соғып жүрсе, оларды шабуылға қойып көруге болады. Менің футболшы кезімде гол соға алмай жүргенде орталық қорғаушыларды шабуылға шығарған кездеріміз болған», — деді ол.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының қазіргі кезеңінде негізгі шабуылшыларынан айырылды. Дастан Сатпаев пен Максим Самородов жарақатына байланысты командаға толық көмектесе алмай отыр, ал Ислам Чесноков халықаралық терезедегі төрт матчтың барлығын өткізіп алатыны бұған дейін белгілі болған.
Қазақстан құрамасы 6 қазанда Астанада Фарер аралдарына қарсы ойнайды. Кездесу сағат 19:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET