Жарнама
Жарнама

«Тобыл» легионері: Қазақстан футболына қазір орасан қаржы құйылып жатыр

Бүгін, 12:41

Қостанайдың «Тобыл» клубында өнер көрсететін Беларусь жартылай қорғаушысы Максим Мякиш Қазақстан Премьер лигасындағы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Максим Мякиш
Жарнама
Жарнама

Футболшы еліміздегі футбол инфрақұрылымының дамуына және чемпионаттың деңгейіне оң бағасын берді.

Мякиштің айтуынша, Қазақстан чемпионатындағы оған ұнамайтын негізгі нәрсе — ел аумағының үлкен болуына байланысты ұзақ әрі жиі ұшуға тура келетіні. Ал қалған жағдайларға футболшы көңілі толатынын атап өтті. 

Беларусь футболында Қазақстан чемпионаты туралы бұрын қаржысы жоғары болғанымен, алаңдарының сапасы төмен деген түсінік болған. Алайда Мякиш Қазақстанға келгеннен кейін жағдайдың мүлде басқаша екенін көрген.

«Қазір Қазақстан футболына орасан қаржы құйылып жатыр. Бұрын сапасы өте нашар болған көптеген алаң жаңартылып, заманауи жабын төселді. Ірі қалаларда жаңа стадиондар салынып жатыр», — деді «Тобыл» ойыншысы. 

Беларусьтік футболшы Қазақстандағы жанкүйерлермен жұмыс істеу деңгейін де ерекше атап өтті. Оның пікірінше, Шымкенттегі «Ордабасы» мен Алматыдағы «Қайраттың» матч күндеріндегі атмосферасы жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Мякиш Қазақстан клубтарының Eyрокубоктардағы нәтижесі де бүкіл чемпионаттың беделіне әсер ететінін айтты. Ол «Қайраттың» Eурокубоктардағы тұрақты өнерін лига үшін үлкен жетістік ретінде бағалаған. 

Сонымен қатар жартылай қорғаушы Қазақстан Премьер лигасында шетелдік футболшылардың деңгейі Беларусь чемпионатына қарағанда жоғары екенін атап өтті. Оның сөзінше, Қазақстандық клубтар қазір тәжірибелі әрі дайын легионерлерді шақыруға мүмкіндік алып отыр.

«Қазақстанда сапалы легионерлер тек көшбасшы клубтарда ғана емес, жүлде үшін емес, өмір сүру үшін күресіп жатқан командаларда да бар», — деді Мякиш.

Футболшы Қазақстан чемпионатының одан әрі дамуына жеке инвесторлардың белсенді тартылуы да ықпал етіп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл клубтарға сапалы ойыншыларды шақырып, жалпы Премьер лиганың деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров