Жарнама
Жарнама

Қазақстан Премьер лигасында үлкен өзгеріс – Клубтар саны 18-ге дейін артуы ықтимал

Бүгін, 15:53

Қазақстан Премьер лигасында ауқымды өзгерістер болуы мүмкін. Ел чемпионатындағы командалар санын қазіргі 16-дан 18-ге дейін көбейту мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бұл туралы белгілі спорт функционері Дидар Сыдықбек өзінің телеграм арнасында мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстандық футболдың жоғары дивизионын кеңейту бастамасы қарастырылып жатыр.

Сыдықбек мұндай өзгеріс отандық футболдың дамуына оң әсерін тигізеді деп есептейді. Атап айтқанда, матчтар саны көбейіп, футболшылардың өздерін көрсетуіне қосымша мүмкіндік туады.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер лигасының форматы жақында ғана өзгерген болатын. 2026 жылғы маусым қарсаңында чемпионатқа қатысатын командалар саны 14-тен 16-ға дейін ұлғайтылды. Енді турнирді тағы екі клубпен толықтыру мүмкіндігі айтылып отыр.

Егер бұл бастама жүзеге асса, әр команда бір маусымда қазіргі 30 кездесудің орнына 34 матч өткізеді. Нәтижесінде чемпионаттағы ойындардың жалпы саны 240-тан 306-ға дейін артады.

Дегенмен жаңа форматтың нақты қашан енгізілетіні және қосымша екі жолдаманың қандай командаларға берілетіні әзірге белгісіз.

Еске салайық, 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысында Талдықорғандық «Жетісу» мен Қызылордалық «Қайсар» Премьер лигадан шығып қалды. Олардың орнын келесі маусымда Қарағандылық «Шахтер» мен Түркістандық «Тұран» басуы тиіс.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров