Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы МЛС клубының назарына ілікті

Бүгін, 14:10

Қазақстан құрамасы мен Грозныйлық "Ахматтың" шабуылшысы Максим Самородов АҚШ-қа ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Серый CARDINAL телеграм арнасының мәліметінше, вингер МЛС (АҚШ) клубтарының біріне ауысуы ықтимал. Бұл ақпаратты клубқа және ойыншыға жақын дереккөздер растап отыр.

Максим Ресей Премьер Лигасының жаңа маусымында "Ахмат” сапында екі ойынға қатысқанымен, әзірге нәтижелі іс-қимылдарымен (гол немесе пас) көзге түсе қойған жоқ. Бұған дейін БАҚ беттерінде Мәскеулік "Спартактың” да Самородовқа қызығушылық танытып отырғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Қазіргі уақытта Максим "Ахмат” клубында Станислав Черчесовтың қол астында тағы бір Қазақстандық ойыншы — Кенжебекпен бірге өнер көрсетіп жүр. Оның карьерасындағы бұл ықтимал өзгеріс алдағы уақытта белгілі болмақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров