Қазақстандық Tassay компаниясы Мәскеудің «Локомотив» футбол клубымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Келісім бір жылға жасалып, отандық компания Ресей клубының ресми серіктесі мәртебесіне ие болды.
Стратегиялық әріптестік аясында Tassay өніміне «РЖД Арена» стадионы аумағында эксклюзивті орналастыру құқығы беріледі. Сонымен қатар компанияның бренді стадионда көрсетіліп, матчтар мен басқа да іс-шаралар кезінде жарнамалық және маркетингтік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Келісімге қол қою рәсімі «РЖД Арена» стадионында өтті. Оған «Постнофф и Ко» компаниясының коммерциялық директоры Александра Самойлова мен «Локомотив» клубы бас директорының орынбасары Дмитрий Балашов қатысты.
Дмитрий Балашов Қазақстандық компаниямен серіктестік орнатқандарына қуанышты екенін жеткізді. Оның айтуынша, Tassay табиғи суының сапасы мен компанияның ұстанымы клубтың талаптарына сәйкес келеді. Ол бір жылдық келісім болашақта ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ұласатынына үміт білдірді.
Tassay — Қазақстанда, Батыс Тянь-Шань тауының бөктерінде өндірілетін табиғи ауызсу бренді. Осылайша, қазақстандық компания халықаралық футбол нарығындағы серіктестік аясын кеңейтіп, Ресейдің танымал клубтарының бірімен ресми ынтымақтастық орнатты.
Біздің серіктес: FONBET