Қазақстандық төрешілер Болат Сәриев пен Алексей Долгих, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік департаментінің директоры Нуну Каштру УЕФА ұйымдастыратын Еуропа чемпионатының іріктеу турнирлеріне тағайындалды, деп хабарлайды Aladop.kz.
11–17 қараша аралығында Қазақстандық мамандар 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарында қызмет атқарады.
Қазақстандық төреші Болат Сәриев пен оның көмекшісі Алексей Долгих 19 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне тағайындалды.
Сан-Маринода өтетін турнирге Босния және Герцеговина, Дания, Грузия және Сан-Марино құрамалары қатысады.
УЕФА шешіміне сәйкес, Болат Сәриев үш кездесуде қызмет атқарады. Оның екеуінде бас төреші, ал бір матчта резервтік төреші міндетін орындайды. Ал Алексей Долгих үш кездесудің барлығында бас төрешінің көмекшісі болады.
Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік департаментінің директоры Нуну Каштру да УЕФА-дан халықаралық тағайындау алды.
Португалиялық маман Данияда өтетін 17 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде төрешілер инспекторы қызметін атқарады.
11–17 қараша аралығында ұйымдастырылатын турнирге Дания, Ирландия, Уэльс және Эстония құрамалары қатысады.
Нуну Каштру үш кездесуде төрешілер бригадасының жұмысын бағалап, олардың қабылдаған шешімдеріне кәсіби талдау жүргізеді.
Сонымен қатар ол төрешілерге техникалық ұсынымдар беріп, халықаралық деңгейде кәсіби дамуына ықпал етеді.
Біздің серіктес: FONBET