Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 маусымының бірінші іріктеу кезеңінің матчтарына тағайындау алды, деп хабарлайды Aladop.kz.
"БАТЭ" — "Эльбасани" матчы
Беларусьтің "БАТЭ" және Албанияның "Эльбасани” клубтары арасындағы кездесуді Қазақстаннан барған төрешілер бригадасы басқарады. Ойын 16 шілде күні Әзірбайжанның Сумгайыт қаласында өтеді деп жоспарланған.
Төрешілер құрамы:
– Бас төреші: Данияр Сахи
– Төреші көмекшілері (ассистенттер): Сергей Васютин және Самат Тергеусізов
– Төртінші төреші: Георгий Чеховский
Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Каштру халықаралық деңгейде инспектор ретінде тағайындалды. Ол 15 шілдеде Черногорияның Тузи қаласында өтетін Черногориялық "Дечич” пен Латвиялық "Лиепая” командалары арасындағы ойынға инспекторлық етеді.
Бұл тағайындаулар Қазақстандық мамандардың халықаралық деңгейдегі беделін көрсетеді. Сонымен қатар, соңғы уақытта ҚФФ Техникалық орталығы төрешілер мен инспекторлардың біліктілігін арттыру мақсатында түрлі оқу семинарларын, соның ішінде әйел төрешілер мен Бірінші және Екінші лига төрешілеріне арналған жиындарды белсенді өткізіп жатқанын атап өткен жөн.
Біздің серіктес: FONBET