Жарнама
Жарнама

ҚФФ Скотт Манн мен Джон ван ’т Схиптің жалақысына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Бүгін, 11:47

Қазақстан футбол федерациясы баспасөзде және әлеуметтік желілерде тараған ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн мен Ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван ’т Схиптің жалақысына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Федерацияның мәлімдеуінше, бұған дейін жарияланған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Атап айтқанда, ҚФФ Скотт Манн жылына 1 миллион АҚШ доллары көлемінде жалақы алады деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. 

Джон ван ’т Схиптің жалақысына қатысты да федерация нақты түсініктеме берді. ҚФФ мәліметінше, Нидерландтық маманның еңбекақысы оның алдындағы Ұлттық құраманың бас бапкерінің жалақысы деңгейінде белгіленген. Осылайша, қазіргі бапкерге жұмсалатын шығын айтарлықтай өсті деген ақпарат та расталмады. 

Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясы өзінің мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайтынын атап өтті.

Бұл мәлімдеме Ұлттық құраманың Ұлттар лигасындағы төртінші матчынан кейін жарияланды. 6 қазанда Қазақстан өз алаңында Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті. Осы нәтижеден кейін Джон ван ’т Схип шәкірттері төрт турда екі ұпай жинап, топтың соңғы сатысында қалды. 

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы келесі матчын 13 қарашада Молдовада өткізеді. Ал соңғы турда 15 қараша күні өз алаңында Словакиямен кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров