Ақтаудың “Каспий” клубында үлкен өзгеріс орын алды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Команданың бас бапкері Пиралы Әлиев қызметінен кететін болды. Клуб басшылығы оның орнына лайықты үміткерді әлдеқашан тауып қойған көрінеді.
Жаңа басшы — Ерлан Шойтымов
Дереккөздердің хабарлауынша, Ақтау ұжымын енді Ерлан Шойтымов жаттықтырмақ. Бұл маман Қазақстандық жанкүйерлерге бапкер ретінде де, ойыншы ретінде де жақсы таныс.
Бапкер ретінде соңғы жылдары “Жетісай” клубында жемісті еңбек етті. Бірінші лигада 2024 жылы команданы 7-орынға, ал 2025 жылы 5-орынға көтеріп, тұрақты нәтиже көрсете алатынын дәлелдеген болатын.
Шойтымов — қазақ футболының ардагері. 1999 жылы Қызылорданың “Қайсарымен” бірге Қазақстан Кубогын иеленген. Сондай-ақ, “Ақтөбе” сапында 82 матч өткізіп, жанкүйерлердің ықыласына бөленген.
Біздің серіктес: FONBET