Жарнама
Жарнама

ҚПЛ клубында қаржы мәселесі шешілді

15.04.2026, 11:05

Батыс Қазақстандық ұжымның айналасындағы түйткілді мәселе оң шешімін тапты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Осы уақытқа дейін тиісті ақысын ала алмай келген “Атырау” футбол клубының мүшелері үшін бүгін нағыз мереке болып отыр.

Серый CARDINAL хабарлағандай, клуб басшылығы бапкерлер құрамы мен футболшылардың алдындағы берешегінен толық құтылды.

Команда жыл басынан бері, яғни үш ай бойы жалақы көрмеген. Қаржы тапшылығы мәселесін облыс әкімдігі тікелей араласып, шешіп берген екен. Бүгінгі таңда барлық қарыздар толықтай өтелген.

Ең қызығы, “Атырау” ойыншылары жалақының жоқтығына қарамастан, алаңда барын салып келді. Маусымды сәтті бастаған олар турнир кестесінде кейбір алпауыт клубтарды шаң қаптырып, жоғары орындарға жайғасқан болатын. 

Қарыз жабылғанымен, клубтың болашағына қатысты бір сұрақ әлі ашық қалып отыр. Жаңа инвестордың келуіне қатысты келіссөздер әлі нақтыланған жоқ. Әзірге клубтың тағдыры мен қаржылық тұрақтылығы жергілікті биліктің қолдауына сүйеніп тұр.

“Кеше ғана жағдай мүшкіл көрінгенімен, бүгін команда еңсесін тіктеді. Енді футболшылар тек ойынға назар аудара алады.” — деп жазды дереккөз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров