Дастан Сәтпаев "Челсидің" негізгі құрамына қосылады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ағылшындық “The Chelsea Chronicle” басылымының хабарлауынша, жас футболшы Лондондық клубтың негізгі құрамына біржола бекуге мүмкіндік алды.
Дастанның соңғы кездесулердегі көрсеткіштері клуб скауттары мен бапкерлер қосынын тәнті еткен көрінеді. Әсіресе, “Тобылға” қарсы өткен матчта Сатпаев өзін нағыз кемелденген ойыншы ретінде көрсетті. Ойын бойы қарсыласты прессингпен қыспаққа алып, тыным таппады. Төрт рет сәтті алдап өту (дриблинг) жасап, қарсылас қорғанысының берекесін қашырып, алаңдағы шешімдері жасөспірімдер футболынан әлдеқайда жоғары екенін дәлелдеді.
“Челсидің” бас бапкері Лиам Розениор Қазақстандық футболшының даму қарқынына жоғары баға беріп отыр. Маман Дастанның әлеуетін көріп, оны жастар командасында ұстап отырмай, негізгі құрамға ертерек қосуды көздеуде.
“Дастанның ойыны оның Премьер лига деңгейіне дайын екенін көрсетеді. Осы жазда оны команданың негізгі өзегіне интеграциялау мәселесі қарастырылып жатыр.” — деп жазады Ағылшындық дереккөз.
Біздің серіктес: FONBET