Стэнли Нкобие Солтүстік Кипрдің «Месарья СК» клубына ауысты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Нигериялық 27 жастағы шабуылшы Стэнли Чисом Нкобие Солтүстік Кипр Премьер лигасының «Месарья СК» (Mesarya SK) клубымен бір жылдық келісімшартқа отырды. Нигерияның Лагос қаласында дүниеге келген футболшы негізінен орталық шабуылшы позициясында ойнайды.
Нкобие бұған дейін Қазақстан Премьер лигасында бірнеше жыл өнер көрсетіп, жергілікті футболсүйер қауымға танымал болған. Ол елдегі «Тұран» және «SD Family» сияқты клубтардың намысын қорғады.
Стэнли тек футбол алаңындағы ойынымен ғана емес, сонымен бірге өзінің ашық әрі жарқын мінезімен де жергілікті мәдениетте ерекше көзге түскен еді.
Футболшының кәсіби жолы бірнеше аймақтық лигаларды қамтиды. 2024/25 маусымында Ресейдің екінші дивизионында ойнады, сондай-ақ Ресей Медиа футбол лигасында (MFL) өнер көрсетті.
Осылайша, шабуылшы өз мансабындағы жаңа маусымды Солтүстік Кипр чемпионатында бастайды.
Біздің серіктес: FONBET