Италия А сериясының командасы — Римдік “Лацио” клубының белді қорғаушысы мансабын Қазақстанның клубтарының бірінде жалғастыруға ниет білдірді. Футболшының ресми өкілі бұл ақпаратты растап, отандық клубтармен келіссөз үстеліне отыруға тас түйін дайын екендіктерін ашық жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Римдік ұжымның Француздық орталық қорғаушысы Самуэль Жигоның мүддесін қорғайтын футбол агенті Мохаммед Беншенафи Metaratings.ru-ға берген сұхбатында ол 32 жастағы тәжірибелі қорғаушының осы жазғы трансферлік кезеңде клуб ауыстыруды көздеп отырғанын және Посткеңестік кеңістіктен түсетін ұсыныстарға үлкен қызығушылықпен қарайтынын жеткізді.
Агент трансферлік жоспарлары туралы былай деді:
“Бұл трансферлік кезеңде біз Ресейден түсетін ұсыныстарды қарастыруға толықтай дайынбыз. Қазақстан ба? Иә, әрине, ол жақтың да топ клубтарынан ұсыныс түссе, қуана қарастырып, егжей-тегжейлі талқылауға әзірміз."
Біздің серіктес: FONBET