Жарнама
Жарнама

Венгрия Қазақстанға қарсы матч алдында ең басты қаруларынан айырылды – “Ливерпуль” жұлдызы не себепті шеттетілмек?

Бүгін, 14:30

Қазақстан ұлттық құрамасына қарсы өтетін кездесу алдында Венгрия құрамында шұғыл шығындар орын алды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ертең, яғни 9 маусым күні еліміздің бас командасын қабылдайтын Мажарлардың бапкері Марко Россидің ең қауіпті екі жұлдызы құрама сапынан шұғыл түрде шеттетіліп, үйлеріне қайтарылды.

“Ливерпуль” мен “Галатасарай” ойыншылары неге ойнамайды?

Венгрия футбол федерациясының ресми мәлімдемесіне сүйенсек, Түріктің “Галатасарайында” атой салып жүрген шабуылшы Роланд Шаллаи мен Ағылшындық “Ливерпульдің” қорғаушысы Милош Керкез үшін бұл оқу-жаттығу жиыны мерзімінен бұрын аяқталған. Жұлдызды футболшылардың командадан кету себептері де әртүрлі:

– Роланд Шаллаи: Жұма күнгі ойында ауыр соққы алып, ахиллес сіңірін жарақаттап алған. Аяғының ауырсынуы басылмағандықтан, ол құраманың жаттығу лагерін тастап кетуге мәжбүр болды.

– Милош Керкез: “Ливерпульдің” сол қанаттағы қорғаныс қамалы саналатын талантты футболшы мүлдем күтпеген жерден, өзінің жұмбақ жеке себептеріне байланысты құрамамен бірге Дебрецен қаласына барудан бас тартқан.

Еуропалық топ клубтарда ойнайтын екі бірдей көшбасшысынан айырылу Венгрия құрамасының тактикалық жоспарын астаң-кестең қылғаны анық. Бұл жағдай соңғы уақытта креслосы шайқалып тұрған отандық маман Талғат Байсуфинов пен оның шәкірттері үшін сырт алаңда сенсация жасауға берілген өте тиімді мүмкіндік болып тұр.

Кездесу сейсенбі күні, яғни 9 маусым, түнгі сағат 22:00-де Венгрияның Дебрецен қаласындағы “Надьерей” стадионында басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров