Португалиялық алпауыт Ұлттық құрама қақпашысына қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ақпаратты бұл жолы Transfermarkt порталындағы “55%” деген көрсеткіш қыздыра түсті.
Goal.kz порталы Transfermarkt-қа сілтеме жасап, бұл ауысымның ықтималдығы жоғары екенін жазды. Алайда, белгілі журналист Александр Троицкий бұл сандардың астарын басқаша түсіндіреді. Оның айтуынша:
“Transfermarkt-тың жеке инсайдерлік базасы жоқ. Олар тек БАҚ-та жарияланған мәліметтерге сүйенеді. Ал 55% деген көрсеткіш – трансфердің орындалу мүмкіндігі емес, осы ақпаратты таратқан инсайдерлерге деген порталдың сенім деңгейі ғана.”
Айта кетсек, бұған дейін Ермұхамед Мәулен Португалиялық клубтың талантты қақпашы үшін 2,5 миллион еуро төлеуге дайын екенін хабарлаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET