Түркістандық “Тұран” клубының жаңа қожайыны, Forbes тізіміндегі белгілі кәсіпкер Дінмұхамед Ыдырысов команданың болашағына білек сыбана кірісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Клуб енді көшпелі жаттығудан құтылып, жеке спорттық базасына ие болуы мүмкін.
AmanVIBE-тың хабарлауынша, миллиардер Түркістандағы “Turan Hotel” базасын сатып алуды көздеп отыр. Бұл жай ғана қонақ үй емес, инфрақұрылымы жағынан Шымкенттегі атақты “БИІК” базасымен иық тірестіре алатын бірегей нысан. Қызығы сол, бұл екі кешеннің де қазіргі иесі – бір адам.
Егер келісім сәтті аяқталса, “Тұран” футболшылары үшін барлық жағдай бір жерде жасалмақ. Кешеннің артықшылықтарына мыналар жатады:
– Кәсіби алаңдар: Табиғи және жасанды жабыны бар толық өлшемді футбол алаңдары.
– Дайындық орталығы: Заманауи фитнес-залы бар жеке ғимарат.
– Ыңғайлылық: Команданың оқу-жаттығу жиындарын сыртқа шықпай-ақ, бір кешен ішінде өткізуіне мүмкіндік беретін қонақ үй блогы.
Біздің серіктес: FONBET