Ағылшын футболының тірі аңызы, "Лестер Сити" сапында ертегіге бергісіз жеңістерге қол жеткізген Джейми Варди мансабын Қазақстан Премьер лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл туралы журналист Елдар Аманбаев хабарлады.
Мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта ҚПЛ-де алтын жүлде үшін таласып жатқан алпауыт клубтардың бірі шабуыл шебін күшейтуді көздеп отыр. 39 жастағы форвардтың тәжірибесі мен сұрмергендік қасиеті Қазақстандық клубтың басты назарында.
Джейми Варди — футбол әлеміндегі ең ерекше тағдыр иелерінің бірі. Зауытта жұмыс істей жүріп, әуесқой лигалардан Премьер лиганың шыңына дейін көтерілген ойыншының тарихы миллиондаған жанкүйерді тамсандырған еді.
Джейми Вардидің футболдағы жетістіктері таңдай қақтырады. Ол "Лестер Сити” сапында 13 маусым ішінде 500 матч өткізіп, 200 гол соқты.
Варди Ағылшын Премьер лигасында қатарынан 11 матчта гол соғып, ең көп ойын қатарынан гол соққан ойыншы атанған.
Ол, 2016 жылы "Лестермен” бірге 5000-нан 1-ге тең мүмкіндікпен АПЛ чемпионы атанды, сондай-ақ Англия Кубогын иеленді.
33 жасында АПЛ-дің "Алтын бутсын” иеленіп, бұл марапатты алған ең егде ойыншы атанды.
2025 жылы “Түлкілер" сапынан кеткеннен кейін, Варди Италияның "Кремонезе" клубына ауысқан болатын. Ол жерде де жасына қарамастан жоғары деңгейде өнер көрсете алатынын дәлелдеп келеді.
Біздің серіктес: FONBET