Испаниялық AS.com басылымы Конференция лигасының плей-офф кезеңіне арналған жеребе қорытындысын талдап, Мадридтік “Хетафе” клубының ықтимал қарсыластарын анықтады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жеребе нәтижесі бойынша Испандық ұжым Cербтік “Партизан” мен Қазақстандық “Тобыл” жұбының жеңімпазымен күш сынасады.
Алғашқы матч 20-тамыз күні Хетафедегі “Колисеум” стадионында өтеді. Алаң иелері өз жанкүйерлерінің қолдауымен сенімді басымдыққа ие болуды көздеп отыр.
Қарымта кездесу 27-тамызда “Партизан” – “Тобыл” жұбының жеңімпазының алаңында өтеді.
Испаниялық сарапшылардың пікірінше, “Хетафе” кез келген қарсыласқа қарсы айқын фаворит болып табылады.
Бұған бірнеше негізгі себеп бар:
– Чемпионаттар деңгейі: Ла Лиганың деңгейі дәстүрлі түрде Қазақстан Премьер лигасы мен Сербия чемпионатынан әлдеқайда жоғары деп бағаланады.
– Қарсыластардың ішкі біріншіліктегі жағдайы: Қазіргі уақытта “Партизан” Сербия чемпионатында тек 7-орында болса, “Тобыл” Қазақстан Премьер лигасында 10-сатыда тұр.
Осы факторлардың барлығы Испандық клубтың Еуропалық аренадағы мәртебесін нығайтып, олардың келесі кезеңге өту мүмкіндігін арттыра түседі.
Біздің серіктес: FONBET