Жарнама
Жарнама

Пол Мерсон: “Сәтпаев Премьер лигаға дайын талант”

Бүгін, 17:42

Ағылшын футболының танымал сарапшысы және бұрынғы футболшы Пол Мерсон Дастан Сәтпаевтың қабілетіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Мерсонның пайымдауынша, Дастан Сәтпаев қазірдің өзінде Ағылшын Премьер лигасында бәсекеге түсуге толықтай дайын. Сарапшы футболшының ойын өрнегінен ерекше сапаны, сенімділікті және интеллектті көретінін атап өтті.

Мерсон Сәтпаевты басқа клубқа жалға беру идеясына қарсы шықты. Ол егер Хаби Алонсоның орнында болса (жаттықтырушы ретінде), футболшыны командада алып қалатынын айтты.

Оның пікірінше, Дастан қазірдің өзінде "Челсидің” кейбір шабуылшыларынан артық. Оны негізгі құраммен бірге жаттығуға қалдырып, тәжірибелі ойыншылардан үйренуге мүмкіндік беру керек.

Сарапшы барлық жас ойыншылардың шеберлігін арттыру үшін міндетті түрде жалға кетуі шарт емес деп есептейді. Мерсонның сенімі бойынша, Сәтпаев сияқты ерекше таланттар өз клубында қалып та дами алады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров