Жарнама
Жарнама

Әлемдік бренд Қазақстанда – “PSG” академиясы Астанада жұмысын бастайды

Бүгін, 11:25

"ПСЖ" клубы Қазақстанда су жаңа "PSG" Академиясының ашылатынын ресми түрде мәлімдеді.

Жарнама
Жарнама

Елорда Астана қаласында орналасқан және кәсіпкер Алмаз Әлсеновтің басшылығымен құрылған жаңа футбол академиясы алғашқы маусымында, 2026 жылдың қыркүйек айынан бастап, 300-ге жуық жас футболшыны қабылдайды. Осы ашылудың арқасында Қазақстан "PSG” Академиясының жаһандық желісіне қосылған 24-ші ел атанды. Бұл клубтың халықаралық деңгейдегі ауқымын және бүкіл әлем бойынша өсіп келе жатқан жас ұрпақпен өз тәжірибесі әрі жаттықтыру методологиясымен бөлісуге деген ұмтылысын көрсетеді. 

Академия өзінің алғашқы жаттығу орталығын Астанадағы "Air Arena" заманауи жабық спорт кешенінде ашады. Кешен ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жыл бойы жаттығуға мүмкіндік беретін ФИФА стандарттарына сай келетін алаңмен жабдықталған. 

6 мен 14 жас аралығындағы 300-ге жуық ұл мен қыз жас мөлшері мен шеберлік деңгейіне қарай топтарға бөлініп, футболға деген сүйіспеншілігін шыңдауға мүмкіндік алады. Жас ерекшеліктеріне сай құрылған жүйелі де үдемелі жаттығу бағдарламасы арқылы жас ойыншылар апталық жаттығуларға, каникулдық лагерьлерге, турнирлерге, жолдастық кездесулерге және таңдаулы халықаралық іс-шараларға қатыса алады. 

Футболдық шеберлікті дамытумен қатар, бұл тәсіл әрбір ойыншының жеке тұлға ретінде өсуіне қолдау көрсетуді, олардың алаңда да, алаңнан тыс жерде де өз әлеуетін толық ашуына көмектесуді мақсат етеді. 

Бүкіл жаттығулар "PSG” Академиясының бірыңғай желісінде қолданылатын клубтың ресми методологиясына сәйкес жүргізіледі. “ПСЖ" Жастар Академиясынан бастау алатын бұл методология техникалық шеберлікке, ойын интеллектісіне және шешім қабылдауға негізделген. Сонымен бірге клубтың негізгі құндылықтарын: құрмет, тәртіп, коммандалық жұмыс және үздіксіз ұмтылысты насихаттайды. 

Қазіргі таңда Қазақстанда футбол қарқынды дамып келеді: балалар арасында бұл спортқа деген қызығушылық артып, спорттық инфрақұрылымға құйылып жатқан инвестиция көлемі өсуде. "PSG Academy Kazakhstan” жобасының іске қосылуы осы оң қарқынды қолдап, жергілікті ойыншыларға әлемдегі ең танымал футболды дамыту бағдарламаларының біріне қол жеткізуге мүмкіндік беру арқылы жасөспірімдер футболын ұзақ мерзімді дамытуға үлес қосуды мақсат етеді. 

Алмаз Әлсенов, "PSG Academy Kazakhstan" негізін қалаушы:

"Біз Қазақстанда "PSG” Академиясын ашып, жас ойыншыларға Клубтың әлемдік деңгейдегі жаттығу методологиясы мен футбол философиясына қол жеткізуге мүмкіндік бергенімізге мақтанамыз. Осы серіктестік арқылы біз балалардың спортшы әрі тұлға ретінде өсуіне, алаңда және алаңнан тыс жерде коммандалық рухты, сенімділікті, тәртіп пен мінезді қалыптастыруына жағдай жасаймыз."

2005 жылы құрылған сәттен бастап "PSG” Академиясы әлемдегі ең ірі футбол академиялары желілерінің біріне айналды. Жаңа орталықтың ашылуымен "PSG” Академиялар желісі өзінің халықаралық ауқымын одан әрі кеңейтіп, жаһандық қатысуын нығайта түсуде. 

Надия Бенмоктар, “ПСЖ” клубының әртараптандыру жөніндегі директоры әрі бас коммерциялық директорының аппарат басшысы:

"Қазақстанда "PSG” Академиясының ашылуы Клубтың өз тәжірибесі мен құндылықтарын Парижден тыс жерлерге таратуға деген ұмтылысын білдіреді. Астанадағы осы жаңа Академия арқылы біз бүкіл әлем бойынша мыңдаған жас ойыншыларға “ПСЖ" үздік стандарттарына сай футбол үйренуге және "PSG” үлкен отбасының бір бөлігі ретінде дамуын жалғастыруға мүмкіндік беретін халықаралық желіні құруда тағы бір маңызды қадам жасап отырмыз."

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров