Португалиялық Луиш Нани «Ақтөбеден» кетіп, кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.
39 жастағы Португалиялық жартылай қорғаушы Қазақстан чемпионатындағы өнерін аяқтады. Ол «Ақтөбе» сапында өткізген кездесулерінде гол соғып қана қоймай, нәтижелі пастарымен де көзге түсті.
Нани негізгі құрамда матчтардың 43 пайызында алаңға шыққан. Ал оның жалпы ойын уақыты қолжетімді минуттардың 47 пайызын құрады.
Қазақстан кубогында Португалиялық футболшы екі кездесуге қатысып, екі гол соқты.
Жалпы, Нани «Ақтөбе» сапында барлық турнирді қосқанда 26 матч өткізіп, үш гол соқты және бес нәтижелі пас берді.
Осылайша, әлем футболында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Португалиялық ойыншының «Ақтөбедегі» кезеңі аяқталды.
Айта кетейік, Луиш Нани бұған дейін Англияның «Манчестер Юнайтед» клубында өнер көрсетіп, бірнеше мәрте Англия чемпионы атанған. Сондай-ақ ол Португалия құрамасымен бірге 2016 жылғы Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен.
Нанидің Қазақстандағы мансабы қысқа болғанымен, оның «Ақтөбеге» келуі отандық футбол жанкүйерлерінің назарын аударған маңызды оқиғалардың бірі болды.
Біздің серіктес: FONBET