Жарнама
Жарнама

“Мен бақыттымын” – Дастан Сәтпаев Англиядағы алғашқы сұхбатын берді

Бүгін, 09:40

Дастан Сәтпаев "Бёрнлидің" баспасөз қызметіне сұхбат беріп, Англиядағы алғашқы әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Жас футболшы жаңа ұжымға бейімделу процесінің сәтті өтіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, командаластары мен бас бапкер оған жан-жақты көмек көрсетіп, қолдау білдіруде.

"Алғашқы күндер өте жақсы өтті. Командаластарым маған көмек керек пе деп үнемі сұрап тұрады. Мен осы клубтың бір бөлшегі болғаныма бақыттымын. Бапкермен де жақсы байланыс орнады, ол да менің мұнда келгеніме қуанышты.” — деді Сәтпаев.

“Челсимен” 2033 жылға дейін келісімшартқа отырған Дастан Сәтпаев Чемпионшипте ойнауды Ағылшын футболына бейімделу үшін таптырмас мүмкіндік әрі үлкен трамплин деп санайды. 

Қазақстандық шабуылшының жаңа командасы сапындағы алғашқы ойыны 23 тамыз күні "Вест Бромвичке” қарсы екінші тур матчында өтуі мүмкін. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров