Жарнама
Жарнама

“Мені тақырға отырғызып кетті, қазір соттасып жатырмын” – ҚПЛ ойыншысы Ирактағы масқаралық пен Қазақстанға неге қашып келгенін ашық айтты

Бүгін, 18:46

Қазақстандық жанкүйерлерге бұған дейін “Атырау” мен “Ақтөбе” сапында көрсеткен өнерлері арқылы жақсы таныс Хорватиялық шабуылшы Андрия Филипович елге қайта оралды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ирак чемпионатынан Қазақстандық “Жеңіс” клубына ауысқан Еуропалық легионер Legalbet.kz тілшісіне сұхбат беріп, Иракта басынан өткерген сұмдық күндері мен ақшадан қалай тақырға отырғанын ашық ақтарып салды.

Филипович Араб еліндегі футбол инфрақұрылымы мен деңгейінің тым төмен екенін жасырмай, сорақы шындықтың бетін ашты. Оның айтуынша, ол жақта кәсіби футбол ойнау мүмкін емес.

"Ирактағы жағдайдың бәрі орташа деңгейде ғана. Ақша мәселесіне келсек, ол жақта ешқашан еңбекақыны уақытында бермейді. Тіпті маған тиесілі тиын-тебенімді де мүлдем төлемей қойды. Дәл қазір мен олардың үстінен шағым түсіріп, ФИФА деңгейінде соттасып, есеп айырысып жатырмын." — дейді Хорватиялық шабуылшы.

Ирактағы қаржылық дағдарыс пен әділетсіздіктен әбден шаршаған шабуылшыға Қазақстаннан ұсыныс түскен. Елордалық ұжым бұл трансферді өте жылдам әрі сауатты жүзеге асырған екен.

ҚПЛ-де футболшыға тек астаналық “Жеңіс” клубы ғана нақты қызығушылық танытып, ресми қадам жасаған.

Клуб басшылығы мен ойыншы арасындағы келіссөздер нағыз сұрапыл жылдамдықпен өткен. Қос тарап келісімшарт шарттарын небәрі 10 минуттың ішінде мақұлдап, қол қойыпты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров