Ульяновскінің “Волга” клубына ауысқан Қазақстандық қақпашы Александр Довгаль Ресей клубында неге алаңға шықпай жүргенін ашып айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Биылғы жылдың ақпан айында Peсейлік ұжыммен келісімшартқа отырған отандасымыз әлі күнге дейін бірде-бір ресми матчта алаңға шыққан жоқ.
Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында 25 жастағы голкипер қазіргі жағдайына қатысты пікір білдіріп, қосалқы құрамда қалып қоюының себебін түсіндірді.
Довгальдың айтуынша, командадағы бәсекелестік пен позицияның ерекшелігі оның негізгі құрамға ілігуіне кедергі болып тұр.
“Бәрі жақсы. Әзірге маған мүмкіндік берілген жоқ. Қақпашы позициясы — өте ерекше дүние. Бүгін біреу ойнаса, ертең басқасы шығуы мүмкін. Мен бұған сабырмен қараймын. Әрине, ойын практикасы керек. Құдай қаласа, бәрі де реттеледі.” — деді Александр.
Александр Довгаль — "Волгаға” дейін Көкшетаулық “Оқжетпес” пен Петропавлдық “Қызылжар” сапында өнер көрсетті.
Ол, Ресейлік "Тюмень” клубынан кейін, 2026 жылдың ақпанында еркін агент ретінде “Волга” сапына қосылған болатын.
Transfermarkt порталы Қазақстандық қақпашының трансферлік құнын 150 мың еуроға бағалап отыр.
Біздің серіктес: FONBET