Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Евгений Аверченко Қазақстан кубогінің жартылай финалына шыққан төрт ұжымның мүмкіндігін бағамдап, басты фаворитті анықтады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Оның айтуынша, қазіргі жағдайда турнирлік кестеге қарап болжам жасау қиын, өйткені Кубок ойындарының заңы мүлдем басқа.
Аверченко Sports.kz басылымына берген сұхбатында “Ордабасының” басымдығына тоқталды, бірақ сенсация болуы мүмкін екенін де жасырмады.
“Егер ҚПЛ турнирлік кестесіне сүйенсек, басты фаворит — “Ордабасы”. Бірақ бұл — Кубок, мұнда кез келген жағдай орын алуы мүмкін. Барлық клуб келесі маусымдағы Еурокубок жолдамасы үшін аянып қалмайтыны анық. Қалған төрт команданың қай-қайсысы болсын кез келген қарсыласты тізе бүктіре алады. Кубок матчтарында фаворитті алдын ала дөп басып айту өте қиын.” — деді маман.
Еуропа сахнасына шығу үшін мына жұптар бақ сынайды:
– “Алтай” — “Ордабасы”
– “Қайсар” — “Жеңіс”
Айта кетейік, жартылай финал ережесі бойынша командалар екі ойыннан (үйде және қонақта) өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET