Жарнама
Жарнама

“Тобыл” жекеменшікке өтпейді – Миллиардермен мәміле неге іске аспады?

Бүгін, 13:36

Қостанайлық "Тобылдың" төңірегіндегі үлкен үміт пен шулы мәлімдемелер су сепкендей басылды. Қазақстандағы ең дәулетті кәсіпкерлердің бірі, ERG компаниялар тобының басшысы Шухрат Ибрагимов клуб тізгінін қолға алмайтын болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Осы жылдың наурыз айында "Тобылдың” баспасөз қызметі жанкүйерлерді қуантып, Шухрат Ибрагимовтың бас құрылтайшы атанғанын ресми түрде жариялаған болатын. Бұл жаңалықтан кейін Қостанайлықтар командаға қомақты инвестиция құйылып, клубтың жаңа дәуірі басталады деп сенді. Алайда, заңды түрде клубты толық басқару процесі аяғына дейін жетпеді.

Инсайдер Елдар Аманбаевтың хабарлауынша, тараптар арасындағы келіссөздер соңғы сәтте тығырыққа тірелген. Мәміле барысында белгілі бір келіспеушіліктер туындап, нәтижесінде процесс толығымен тоқтатылды. Қазіргі уақытта келіссөздердің қайта жандануы екіталай.

Бұл жағдай "Тобыл” үшін үлкен соққы болғаны анық. Инвестордың ауысуы клубтың қаржылық жағдайы мен трансферлік саясатына тікелей әсер ететін фактор еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров