Жарнама
Жарнама

“Небәрі 20 күн шыдады” – “Ақтөбедегі” астыртын бүлік пен агенттердің соғысы жетекшіні келген бойда құртты

Бүгін, 07:13

Небәрі 20 күн бұрын ғана үлкен үмітпен "Ақтөбе" клубының спорттық директоры болып тағайындалған Важа Тархнишвили күтпеген жерден қызметінен кетті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Дереккөздердің хабарлауынша, бұл жиілеген ауыс-түйістің артында клуб ішіндегі лауазымды тұлғалар мен алпауыт агенттердің үлкен қақтығысы жатыр.

Текетірес пен көлеңкелі топтар: Тархнишвилиді кім ығыстырды?

Естеріңізге сала кетейік, Важа Тархнишвили осы жылдың 2 мамырында ғана Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Марат Хайруллиннің орнына спорттық директор қызметіне тағайындалған болатын. Алайда оның жұмыс істеуіне клуб ішіндегі топтар мүмкіндік бермеген сияқты.

Дереккөздердің мәліметінше, жаңа маманның айналасында ішкі конфликт шегіне жеткен. Клубтың қазіргі басшылығы мен бұрын жұмыс істеген бірқатар тұлғалар спорттық блокты өзгертуді, яғни Тархнишвилиді құртуды көздеген. Бүлік шығарғандардың қатарында мына есімдер аталуда:

– Клуб директоры Бақытбек Дүзелбаев

– Экс-спорттық директор Марат Хайруллин

– Шабуылшы Артур Шушеначевтің мүддесін қорғайтын Ресейлік танымал футбол агенті Цирин.

Бұл тек спорттық көзқарастардың алшақтығы емес, клуб ішіндегі миллиондаған қаржы айналатын трансферлік процестерге ықпал ету құқығын сақтап қалу үшін жасалған астыртын әрекеттер көрінеді.

Жасырын келіссөздер

Ішкі келіспеушілік пен ауыс-түйістерге қарамастан, "Ақтөбе” басшылығы өз бетінше трансфер нарығында белсенділік танытып жатыр. Клуб Важа Тархнишвилидің рұқсатынсыз-ақ жаңа ойыншылармен байланысқа шығып үлгерген.

Мәліметтерге сүйенсек, клуб басшылығы Павлодарлық "Ертістің" 32 жасар жартылай қорғаушысы Самат Жарынбетовпен қазірдің өзінде келіссөз жүргізген. Оны жақын арада "Ақтөбе” сапына қосып алуды жоспарлап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров