Қызылордалық “Қайсардың” қақпашысы Адам Ковач Лондандық “Челсидің” бұрынғы жұлдызы Виктор Мозеспен бір командада ойнаудың қалай екенін айтты. Еуропалық деңгейдегі легионердің келуі клуб ішіндегі атмосфераны түбегейлі өзгерткен, деп хабарлайды Aladop.kz.
Адам Ковач әлемдік футболдың жарық жұлдызы Қызылорда клубының жейдесін киеді дегенге алғашқыда мүлдем сенбегенін жасырмады. Атақты футболшының келуі команда үшін күтпеген сый болған.
“Шынымды айтсам, оның біздің командада ойнайтынына сенген жоқпын. Бірақ ол клубқа келген кезде мен шынымен де шок болдым. Осындай деңгейдегі футболшымен бір командада өнер көрсетіп, оның футболдағы білген-түйгенін үйреніп жүргеніме өте қуаныштымын. Оның адамгершілік қасиеттері мен мінезі өте тамаша. Мен үшін ол — алаңдағы да, өмірдегі де нағыз көшбасшы.” — деді қақпашы Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында.
Виктор Мозестің келуімен “Қайсардың” ішкі тәртібі мен ойыншылардың ынтасы мүлдем жаңа деңгейге көтерілген. Бұрын АПЛ мен Eурокубоктарды тек теледидардан көретін отандық футболшылар енді әлемдік тәжірибені тікелей алып жатыр.
"Мозес келе салысымен ұжымның басты тұлғасына айналды. Біз одан Лондандық клуб пен өзге де топ ұжымдардағы футбол өмірі туралы жарыса сұраймыз. Және жаттығу жасау, алаңдағы тактика және матчтан кейін қайта қалыпқа келу бойынша жан-жақты кеңес алудамыз.” – дейді Ковач.
Біздің серіктес: FONBET