Жарнама
Жарнама

“Ол өзінен тым төмен деңгейде жүр” – Еурoпалық тәжірибесі бар бапкер Нұралы Әліптің мансабындағы үлкен қателікті әшкереледі

Бүгін, 19:08

Кезінде Түркиялық “Галатасарай” жүйесінде қызмет еткен Қазақстандық белгілі маман, қазіргі таңда Ресейлік "СКА" (Ростов-на-Дону) клубының бапкері Эрнест Қапышев отандасымыздың мансабына қатысты өте өзекті мәселені қозғады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Эрнест Қапышевтің айтуынша, Нұралы Әліптің Санкт-Петербург клубындағы көрсеткіштері мақтауға тұрарлық. Клубтағы өзге шетелдік жұлдыздардың көптігіне қарамастан, қазақ қорғаушысы өз орнын таба білді.

“Зениттегі” бәсекелестік деңгейі шынымен де жоғары. Қалай болғанда да, Ресейде легионерлерге қойылатын лимит қатайтылды. Ал Қазақстандық футболшылар легионер болып саналмайтындықтан, Нұралының негізгі құрамға ену мүмкіндігі бұрынғыдан да арта түседі. Себебі командадағы жұлдызды Бразилиялықтардың көбі — шабуыл шебінің ойыншылары. Әліп қазір топ деңгейдегі орындаушылармен бірге иық тіресе жаттығып жүр." — деді маман Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.

Дегенмен, маман Нұралы Әліптің әлемдік деңгейде бұдан да биік шыңдарды бағындыруына не кедергі болып отырғанын ашық айтты. Оның пікірінше, Ресей клубтарының халықаралық аренадан шеттетілуі футболшының бағын байлап тұр.

“Егер Ресейлік клубтар Еурокубоктарда өнер көрсеткенде, қазір ешқандай сұрақ туындамас еді. Барлық Қазақстандықтар “біздің футболшымыз Еурокубоктың топтық кезеңінде тұрақты ойнайтын топ клубтың сапында жүр” деп мақтанар еді. Нұралының жасы қазір өте қолайлы шақта. Егер ол “Зенитте” қалмаған күннің өзінде, осы лимиттің арқасында Ресей Премьер лигасының кез келген басқа алпауыт клубында үлкен сұранысқа ие болады.” — деп түйіндеді Эрнест Қапышев.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров