Жарнама
Жарнама

“Олардың жылдамдығы сұрапыл” – Венгрия бас бапкері Ұлттық құрамадан сескенуде

Бүгін, 14:26

Венгрия құрамасының бас бапкері Марко Росси Ұлттық құрамаға өз бағасын берді. Еуропалық маман отандық футболшылардың мықтылығын айтып, алдағы ойынның өз шәкірттері үшін нағыз тозаққа айналуы мүмкін екенін меңзеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Венгриялық ұжымның жетекшісі маусым айындағы жоспарланған кездесулер жайында сөз қозғап, Қазақстан мен Финляндия құрамаларының ойын мәнеріндегі ұқсастықтарға тоқталды. Әсіресе, Талғат Байсуфинов баптайтын біздің команданың қапталдағы шабуылшылары Eуропалық бапкердің ерекше назарына ілінген.

“Финляндияның қапталдағы ойыншылары өте жылдам — дегенмен дәл осы сөзді Қазақстан құрамасына қатысты да айтуға болады. Қазақстандықтар алаңда аянып қалмайды, соңына дейін өте қатты күреседі. Сондықтан оларды жеңу үшін бізге ең үздік ойынымызды көрсету керек болады." — деді Марко Росси Венгрия футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Марко Росси екі қарсыласының да оңай шағылатын жаңғақ емес екенін жақсы түсінеді. Сондықтан ол өз командасына жауапкершілікті сезінуді талап етіп отыр.

“Бұл ойындардың ешбірі бізге оңай соқпайтыны анық. Бірақ егер біз осы қос кездесуге барынша дұрыс бағытпен, үлкен дайындықпен келетін болсақ, онда жеңіске жете аламыз.” — деп түйіндеді маман.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров